|
Қор туралы"Дара" Жеке қорының миссиясы балаларға арналған медицина мекемелеріне, балалар үйлеріне, сондай‑ақ мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған мектеп‑интернаттарға көмек көрсетуге бағытталған жобаларды іске асыру болып табылады. Ұйым өзінің негізгі жұмысын балалар мен жасөспірімдер өз жанұяларының, мемлекеттік органдардың және басқа да қайырымдылық қорларының назарынсыз қалған жағдайдағы жоғарыда аталған мекемелердің қызметінің салаларына шоғырландырады. 2008 жылы 20 маусымда Қазақстанда тұңғыш рет Білім және ғылым министрі өткізген "Білім беру меценаты" атты марапаттау салтанаты болып өтті. Рәсім барысында Жансейіт Түймебаев мырза "білім беру саласындағы меценаттар - жаны мейірімді, жүрегі махаббатқа толы, қолы ашық адамдар, олар болашақ үшін игі істерді жасайды, азаматтарымыздың әл‑ауқатын жақсарту, бақытты балалық шақ әлемін құру жолында еліне көмектеседі, өз жанының жомарттығын көрсетеді" деп атап өтті. Отыздан астам кәсіпкер Алтын медальдарға ие болды, олардың ішінде "Дара" қорының құрылтайшысы Гүлнәр Досаева да бар. Өзі жұмыс істеп келе жатқан уақыттың ішінде қор ондаған балалар мерекесін, экскурсияларды, білім беру бағдарламаларын ұйымдастырды, сондай‑ақ балалар үйлерінің, мектеп‑интернаттардың тәрбиесіндегі және емдеу мекемелеріндегі балаларға арнап іс‑шаралар ұйымдастырды. "Дара" қоры келешекте біздің елімізде бизнесмен - меценаттардың саны ұлғаяды және ортақ күш салынып ҚР білім беру жүйесіне қолдан келетін жәрдем көрсетіледі деп үміттенеді. |
Жаңалықтар мен оқиғалар
![]()
Девианттық мінез-құлқы бар балаларға арналған білім мекемесінің" оқушылары екі сағатқа Найт Шьямаланың жарық, әрі қызықты әлеміне бата түсті.
Балалар есейгеннен кейін, ойыншықтармен не болады? "История игрушек: большой побег!" атты мультипликациялық фильмінің кейіпкері Энди колледжге барады. Ал оның бұрынғы сүйіктілері: ковбой Вуди, космостық рейнджер Баззлайтер
"Ауыр жеткіншектер" маусымның соңғы күндерінің бірінде Қапшағайға әуес саяхатқа шықты. Осылай оларды "Дара" фонды оқу жылының аяқталуына байланысты мадақтады. 36 бала, 10 тәрбиелеуші, оқу ісінің меңгерушісі және 3 мерзімдік тәрбиелеуші Қазақстанның ең ірі қоймасына аттанды.
|
![]()
|
|||
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
© “Dara Foundation”, 2008-2009 Neolabs Web Solution студиясы әзірлеген. |