KZ
RU
EN


Құрылтайшылар

Досаева ГульнарДосаева Гүлнәр Есенгелдіқызы 1975 жылдың 1 қаңтарында Алматы қаласында дүниеге келген.

1991 жылы Алматы қаласының ағылшын тілін тереңдете оқитын № 105 орта мектебін үздік аяқтаған. Ал 1995 жылы Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясының "Халықаралық қатынастар" факультетін "Мұнай бизнесі" мамандығын аяқтады. 1995-1996 жылдар аралығында ҚазМБА "Халықаралық қатынастар" кафедрасында ұстаз ретінде қызмет етеді. 1996 - 2001 жж. аралығында – Финляндияның Қазақстан Республикасында орналасқан Сауда палатасындағы Сауда Кеңесшісінің көмекшісі. 2001 жылы "G and G" ЖШС Бас директоры ретінде тағайындалды. 2005 жылдың қараша айынан бастап осы уақытқа дейін - "G and G Гламур" АҚ Вице-Президенті. Тұрмыс құрған, екі баласы бар.
Жаңалықтар мен оқиғалар

26 қантар 2012
№5 мектептің суға түсетін бөлмесі жаңартылды
Денсаулық гигиенадан басталатынын барлығымыз білеміз. №5 мектеп-интернат оқушыларында енді бұл мәселе бойынша қиыншылық тумайды деп сенеміз, себебі мектептің істен шыққан суға түсетін бөлмесінде, қажетті санитария нормаларына сай күрделі жөндеу жұмыстары атқарылды.

30 желтоқсан 2011
Девиантты мiнезді балаларға арналған арнайы ұйымдағы жаңа жылдық шай ішу
Жаңа жыл қарсаңында бiздiң Қор девиантты мiнезді балаларға арналған арнайы ұйымға жаңа жылдық дастархан ұйымдастыру мақсатымен барды.

30 желтоқсан 2011
«Балбулақта» өткен жаңа жылдық шырша
Церебральдық сал ауруымен ауыратын балалар ұзақ уақыт бойы "Балбұлақ" Республикалық орталығында ем алады. Осыған қарамастан, олар өз балалық шақтарының бақытты болғанын қалайды.
Бұл жерде Сіз электронды төлемдер (Webmoney, Яндекс, Pay-Pal,HomeBank) жасау арқылы қайырымдылық жобаларына қаржылық демеу көрсете аласыз.
Сіз көрсеткен көмек қордың әлеуметтік жобалары шегінде балаларға жұмсалатын болады. Қорды күтіп ұстауға қатысты барлық әкімшілік шығындарды Қордың құрылтайшысы Гүлнәр Досаева өтейді.