KZ
RU
EN


Миссиясы

"Дара" Жеке қорының миссиясы балаларға арналған медицина мекемелеріне, балалар үйлеріне, сондай ақ мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған мектеп интернаттарға көмек көрсетуге бағытталған жобаларды іске асыру болып табылады.
Ұйым өзінің негізгі жұмысын балалар мен жасөспірімдер өз жанұяларының, мемлекеттік органдардың және басқа да қайырымдылық қорларының назарынсыз қалған жағдайдағы жоғарыда аталған мекемелердің қызметінің салаларына шоғырландырады.
Өз жобаларының шеңберінде қор төмендегі бағыттар бойынша көптеген акциялар мен іс-шаралар өткізді:

1) Дәнекер жобасының желісі бойынша инфрақұрылымдық акциялар:

* "Ланкастер Групп" АҚ-мен бірлестікте есту қабілеті нашар балаларға арналған мекеменің пайдасына футбол алаңы 5500 000 теңгеге жасанды жабынмен жарақталды.

* "Қазақтелеком" АҚ-мен бірлестікте балалар үйлерінің түлектеріне арналған жатақханадағы мінез-құлқы девиантты жетім балалар үшін 10 орынға компьютерлік сынып жарақталды.

* Есту қабілеті нашар мекемеде киім ауыстыратын бөлме, душ, қыз балаларға арналған санитарлық торап пен ұл балаларға арналған санитарлық торапты жөндеу және жарақтау жүргізілді.

* Сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мекемеде бимен шұғылдануға арналған бөлме жарақталды.

2) Қазақстандық дәрігерлер үшін біліктілікті арттыру бойынша тренингілер:

* Сызғанов атындағы институттың кардиохирургтер командасының (2 кардиохирург, 2 анестезиолог, 1 перфузиолог) Бергамодағы (Италия) жартыжылдық тренингі.

* 2 реаниматолог дәрігердің АҚШ, Вашингтондағы Children's National Medical Center орталығында жаңа туған нәрестелердің реанимациясының шығасылық материалдары бойынша машықтануы.

* "Балбұлақ" РАО дәрігерлерінің Ресейдің Калуга қаласындағы Калуга-бор санаторийіндегі БЦС емдеу бойынша конференцияға қатысуы.

* "Балбұлақ" РАО дәрігерлерінің Украинада Киев қаласындағы "Балалардың нерв жүйелерінің ауруларының диагностикасы, емі, реабилитациясы және профилактикасы" конференциясына қатысуы.

* Аркадий Борисович Шейнбергтің (Педиатрия және Балалар Кардиохирургиясы ҒЗИ бас дәрігері) Ресейдегі Санкт-Петербург қаласындағы "Ортопедия-травматология-протездеу-реабилитация" конференциясына қатысуы.

А) Коммерциялық емес ұйымдарды біріктіру, мемлекеттік секторлармен бизнес-серіктестік:

* Қайырымдылық қорлардың қауымдастығын құру. Біріктірудің нәтижесі "Кардиохирургия" және "Жетімдері жоқ Қазақстан" жобаларын іске асыру болып табылды.

Б) Ұзақ уақыт бойы емделуде жатқан балаларға арналған ойын-сауық іс-шаралары:

* Алматы қаласының клиникаларында ұзақ уақыт емделуде жатқан қатты ауру балалар үшін 33 мереке және 16 экскурсия өткізілді.

В) Хобби және мамандық алу:

* "Мінез-құлқы девиантты балалар үшін арнайы білім беру ұйымында" Арт терапия бойынша дәрістер өткізіледі.

* "Мінез-құлқы девиантты балалар үшін арнайы білім беру ұйымында" "Сәулет және Мүсіндеме" бойынша дәрістер өткізіледі.

* Жетім балалардың, ауруы қатты балалардың ата-аналарының психологиялық реабилитациясы бойынша жұмыс жүргізілуде.

Г) Алматы қаласының балаларға арналған медициналық мекемелерін жарақтау:

* "Дамиани" зергерлік үйімен бірлестікте Сызғанов атындағы ҰҒХО реанимация бөлімшесі үшін жаңа туған нәрестелерге арналған үш "BBraun" перфузоры, сондай-ақ оларға шығасылық материалдар сатып алынды.

* "Кардиохиругия" жобасының шеңберінде "Айала" және "Мейірбандылық үйі" қорларымен бірлестікте Сызғанов атындағы ҰҒХО реанимация бөлімшесіне "Equator" құрылғысы, жаңа туған нәрестелерге операциялар жасауға арналған құрал-сайман табысталды.

* Педиатрия және Балалар Кардиохирургиясы ҒЗИ үшін бір жылға қажетті BD Medical фирмасының орталық көктамырлық катетерлері сатып алынды.

* "Мэри Кей" компаниясымен бірлестікте "Кардиохиургия" жобасының шеңберінде Сызғанов атындағы ҰҒХО реанимация бөлімшесі екі Resuscitaire RW 82 ашық реанимациялық орнымен жарақталды.

Д) Қазақстандық балалар үшін ақысыз операциялар:

* "ДАРУС" медициналық орталығымен бірлестікте сөйлеу қабілетінің ауыр бүзылушылықтары (жарық таңдай, қоян ерін және т.б.) бар балаларға арналған № 9 Арнайы коррекциялық жалпы білім беру мектеп-интернатындағы балалардың операциялардың кейінгі ақауларын кетіруді жүргіземіз.

Е) Лобби, Қазақстанның мұқтаж балаларының игілігіне қоғамдық пікірді өзгерту.

* Заңнамаға жетім балаларға қатысты мәселелер бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде.
Жаңалықтар мен оқиғалар

26 қантар 2012
№5 мектептің суға түсетін бөлмесі жаңартылды
Денсаулық гигиенадан басталатынын барлығымыз білеміз. №5 мектеп-интернат оқушыларында енді бұл мәселе бойынша қиыншылық тумайды деп сенеміз, себебі мектептің істен шыққан суға түсетін бөлмесінде, қажетті санитария нормаларына сай күрделі жөндеу жұмыстары атқарылды.

30 желтоқсан 2011
Девиантты мiнезді балаларға арналған арнайы ұйымдағы жаңа жылдық шай ішу
Жаңа жыл қарсаңында бiздiң Қор девиантты мiнезді балаларға арналған арнайы ұйымға жаңа жылдық дастархан ұйымдастыру мақсатымен барды.

30 желтоқсан 2011
«Балбулақта» өткен жаңа жылдық шырша
Церебральдық сал ауруымен ауыратын балалар ұзақ уақыт бойы "Балбұлақ" Республикалық орталығында ем алады. Осыған қарамастан, олар өз балалық шақтарының бақытты болғанын қалайды.
Бұл жерде Сіз электронды төлемдер (Webmoney, Яндекс, Pay-Pal,HomeBank) жасау арқылы қайырымдылық жобаларына қаржылық демеу көрсете аласыз.
Сіз көрсеткен көмек қордың әлеуметтік жобалары шегінде балаларға жұмсалатын болады. Қорды күтіп ұстауға қатысты барлық әкімшілік шығындарды Қордың құрылтайшысы Гүлнәр Досаева өтейді.