Денсаулық гигиенадан басталатынын барлығымыз білеміз. №5 мектеп-интернат оқушыларында енді бұл мәселе бойынша қиыншылық тумайды деп сенеміз, себебі мектептің істен шыққан суға түсетін бөлмесінде, қажетті санитария нормаларына сай күрделі жөндеу жұмыстары атқарылды.
Церебральдық сал ауруымен ауыратын балалар ұзақ уақыт бойы "Балбұлақ" Республикалық орталығында ем алады. Осыған қарамастан, олар өз балалық шақтарының бақытты болғанын қалайды.
Бұл жерде Сіз электронды төлемдер (Webmoney, Яндекс, Pay-Pal,HomeBank) жасау арқылы қайырымдылық жобаларына қаржылық демеу көрсете аласыз. Сіз көрсеткен көмек қордың әлеуметтік жобалары шегінде балаларға жұмсалатын болады. Қорды күтіп ұстауға қатысты барлық әкімшілік шығындарды Қордың құрылтайшысы Гүлнәр Досаева өтейді.