|
ҚҚҚ2008 жылы қайырымдылықты дамыту бойынша күштерді шоғырландыру мақсатында бейресми Қайырымдылық ұйымдардың қауымдастығы құрылды, оның алғашқы мүшелері "балалар, жастар, отбасы" саласында жұмыс істейтін қорлар болды. Қауымдастық құрыған уақыттан бері бірнеше бірлескен жоба іске асырылды, олардың нәтижелері төмендегілер болды: - Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" Кодексіне асырап алуға қатысты бөлігінде қабылданған түзетулер; - Қазақстан Республикасындағы бала кардиохирургиясын дамытуға бағытталған "Мен де өмір сүргім келеді" жобасының бірінші сатысының іске асырылуы, оның нәтижесінде Қазақстанда тұңғыш рет салмағы 10 килограмнан кем балаларға операциялар жасала басталды; - Алматы қаласында орналасқан барлық балалардың үйлерінің тәрбиеленушілеріне жыл сайынғы "Шат күлкі күні" мерекесі; - алғашқы "Қазақстандағы қайырымдылық" халықаралық конференциясы. Екі жылдың барысындағы бірлескен қызмет қорытындысында қайырымдылық аясында, сондай-ақ халықтың осал топтарын әлеуметтік-экономикалық дамыту саласында жұмыс істейтін заңды тұлғаларды заң жүзінде тіркелген Қайырымдылық ұйымдарының қауымдастығына біріктірудің қажеттілігін және көкейтестілігін ұғынуға алып келді. Аталған шешім 2010 жылғы 2 қарашада болып өткен қауымдастықтың кезекті отырысында әлеуметтік саланың түрлі секторларында қызмет жүргізетін 18 МЕҰ тарапынан қолдау тапты. Кездесу барысында төмендегі бағыттарда күштерді шоғырландыру туралы шешім қабылданды: - Қазақстан Республикасында ұтымды қайырымдылық жүйесін, соның ішінде оның дәстүрлері мен мәдениетін қалыптастыру және дамыту; - ауқымды әлеуметтік жобалар жүргізу үшін қайырымдылық ұйымдардың күштерін біріктіру; - мемлекеттің заң шығару қызметіне қатысу; - Қауымдастықтың мүшелерінің ішкі есеп-қисап стандарттарының негізінде қайырымдылық ұйымдарының қызметінің ақпараттық көлегейсіздігін қамтамасыз ету; - Қазақстан Республикасында қайырымдылық (әлеуметтік волонтерлік) саласында еріктілер (волонтерлер) қозғалысын дамыту және көтермелеу; - ұйымдардың басшылары мен қызметкерлерінің және волонтерлердің біліктілігін арттыру. Бүгінгі таңда Қауымдастықты дамыту жөніндегі жұмыс тобы Қауымдастықтың ішкі саясаттары мен қызметінің рәсімдерін қызу әзірлеу үстінде, оны заң жүзінде тіркеуге дайындық жүріп жатыр. Қауымдастықтың жұмысының бірінші кезектегі бағыттары әзірленді (тіркемені қараңыз). Қайырымдылық ұйымдарының қауымдастығы алға тартылып отырған бастаманың Қазақстандағы қайырымдылықты және әлеуметтік аяны дамыту саласында қызмет жүргізетін барлық ұйымдардың мүдделерін біріктіретініне сенімді. Және, осыған байланысты, Қауымдастықтың мұратына, мақсаттарына және принциптеріне ортақтас және аталған бастаманы қолдауға әзір барлық мүдделі тұлғаларды Қазақстанда ұтымды қайырымдылықты қалыптастыруға қатысуға шақырады. Қауымдастық мүшелес ұйымдардың жұмысының принциптерінің негізінде құрылады және шама-шарқына қарай мүшелік жарналарды көздейді. Қауымдастықтың әлуеттегі мүшелері мен серіктестері коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар болып табылады. Қауымдастықты дамытуды бастапқы қаржыландыру Қауымдастықтың екі құрылтайшысының: "Аяла" және "Дара" қорларының қаражаттарының есебінен қамтамасыз етіледі. Қауымдастықтың одан әрідегі қаржылық орнықтылығының стратегиясы - мүшелердің санын ұлғайту және, тиісінше, мүшелік түсімдерді өсіру, сд коммерциялық құрылымдардың қаражаттарын тарту және әлеуметтік кәсіпорынды дамыту. Үдеріс барысында Қауымдастықтың мүшелерінің әлеуметтік жобалары мен бағдарламаларын іске асыру үшін коммерциялық компаниялар мен жекеше тұлғалардың қаражаттарын қызу тарту жоспарлануда. |
![]()
|
|||
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
© “Dara Foundation”, 2008-2009 Neolabs Web Solution студиясы әзірлеген. |