KZ
RU
EN


Жетімдері жоқ Қазақстан

"Жетімдері жоқ Қазақстан" жобасы Алматы қаласының Қайырымдылық Қорлары Қауымдастығының жұмысы шеңберінде өтіп жатыр және "Дара", "Аяла" және "Дом Милосердия" қайырымдылық қорларының бірлескен жобасы болып табылады.

Жобаның мақсаты ‑ Қазақстанда жетімдікті түп‑тамырымен жою. Алматы қорларының көп бөлігі өз жұмысының барысында мемлекеттік сектордың, ҮЕҰ‑дың және жеке демеушілердің барлық күш‑жігерін салуына қарамастан, балалар үйлерінің түлектерінен көбі балалар үйлерінен тыс жердегі өмірге бейімделмеген болып қала беретініне тап болды. Осындай түлектердің арасында өзіне‑өзі қол салу, қаңғыбастық, бас бостандығынан айыру орындарына түсу, есірткі мен алкогольге тәуелділік және бұрынғы түлектердің өз балаларының да балалар үйлеріне түсу пайызы жоғары болып отыр.

Жаңалықтар мен оқиғалар

3 ақпан 2012
Жыл сайынғы қайырымдылық Бернс кешкi асы
Британдық ұйым жыл сайын 25 қаңтарда Роберт Бернстiң туған күнiн тойлайды және "Бернс кешкі асына" (Бернс түнi) жиналады.

31 қантар 2012
«Балбұлаққа» қонаққа келген цирк
25 қаңтар күні "Дара" қоры мен Мемлекеттік цирк артістері "Балбулақ" РБОО-на балаларды қуантуға барды. Бiз балармен өткен жылдан бері кездеспегесін қатты сағынып қалдық.

31 қантар 2012
Педиатрия және балалар хирургиясы ҒЗИ-на келген Цирк
"Мереке" жобасының шеңберінде, біздің Қор ай сайын Педиатрия ҒЗИ-ның балаларына барып тұрады. 26 қаңтар күні, біздің ескі достарымыз, Мемлекеттік цирк артістері балақайлардын алдында биылдыққа бірінші рет қойылым қойды.
Бұл жерде Сіз электронды төлемдер (Webmoney, Яндекс, Pay-Pal,HomeBank) жасау арқылы қайырымдылық жобаларына қаржылық демеу көрсете аласыз.
Сіз көрсеткен көмек қордың әлеуметтік жобалары шегінде балаларға жұмсалатын болады. Қорды күтіп ұстауға қатысты барлық әкімшілік шығындарды Қордың құрылтайшысы Гүлнәр Досаева өтейді.