KZ
RU
EN


Кардиохирургия

Ұлттық баспасөз клубында Қайырымдылық қорлары қауымдастығының (ҚҚҚ) ұйымдастыруымен "Жетімдері жоқ Қазақстан" тақырыбында баспасөз конференециясы болып өтті. 2009 жылы Қазақстанның бірнеше үкіметтік емес ұйымы (ҮЕҰ) жетім балалардың проблемасын шешу үшін ҚҚҚ болып бірікті. Бұл "ДАРА" жеке қайырымдылық қоры, "Добровольное общество "Милосердие" қоғамдық қайырымдылық қоры, "Аяла" жеке қоры, "Лига женщин творческой инициативы" қоғамдық бірлестігі және т.б.
Проблеманы неғұрлым кең ауқымда көрсету үшін отырысқа БАҚ өкілдері шақырылды. Конференцияның күн тәртібіне "Неке және отбасы" туралы кодекс жобасының "Бала асырап алу' деген тарауына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастыру қойылды. Жетім балалардың және ата‑анасының қарауынсыз қалған балалардың проблемалары біздің еліміз үшін ең өткір және маңызды болып отыр, оның үстіне Қазақстанның бұл мәселе жөніндегі заңнамасында он жыл бойы ешқандай өзгеріс болған жоқ. ҚҚҚ Кодекске мынадай жағдайларды енгізуді ұсынды:

Кодекстің 89‑бабының 4‑тармағына:

Мына жағдайларда баланы асырап алуға оның ата‑анасының келісімі қажет етілмейді, егер олар:

"Сот дәлелсіз деп таныған себептер бойынша баламен бірге тұрмаса және оны тәрбиелеуден және асыраудан алты айдан астам уақыт жалтарса, егер бала туылу кезінде медицина мекемесінде қалдырылса, заңнамада белгіленген тәртіппен некеде тұрмаған анасының немесе екі ата‑анасының баладан бас тартуы туралы жазбаша арызын ресімдеместен; біруге тастап кеткен; тауып алынған; және өзге жағдайларда бала 36 (отыз алты) айға жеткенше, онда үш айдан астам".

Қазақстанда бала асырап алу тәжірибесінің өзіндік ерекшелігі мынада: бала асырап алатын адамдар бала асырап алу фактісін жасырғысы келеді және асырап алынған баланы биологиялық жолмен келген бала деп санауды жөн көреді. Сондықтан бала асырап алушылардың көпшілігі жаңа туылған нәрестелерді асырап алуды дұрыс көреді. Көп жағдайда тастанды балаларға некеде тұрмайтын ананың немесе оның екі ата‑анасының баласынан бас тартуы туралы заңнама тәртібімен ресімделген жазбаша өтініші жоқ, мұндай балаларды ата‑аналарын құқықтарынан айыру рәсімі қолданылғаннан кейін ғана асырап алуға болады. Қазіргі уақытта Қазақстанда ата‑аналық құқығынан айыру алты айға созылады. Ал, мысалы, АҚШ‑та бұл мерзім он күнге тең.

Ата‑анасының баласынан ресми түрде бас тартуы жоқ тастанды балалардың алты ай мерзім өткенше күн санап басқа адам асырап алады деген мүмкіндігі азая түседі. ҚҚҚ бұл мерзімді үш айға дейін қысқартуды ұсынады. Бұл уақыт баланы бастапқы есепке тұрғызу үшін жүргізілетін барлық формалды рәсімдердің сақталуы үшін жеткілікті.

Кодекстің 85‑бабының 2‑тармағына:

"Ағасы мен қарындасын әр түрлі адамдардың бала етіп асырап алуына жол берілмейді, тек бұған бала етіп асырап алу балалардың мүддесіне сай болса және балалар өздерінің туған аға‑қарындас екенін білмейтін, бірге тұрмаған және бірге тәрбиеленбеген, денсаулығының жағдайы бойынша бірге тұруы және бірге тәрбиеленуі мүмкін емес жағдайлар жатпайды".

Қамқоршылық және қорғаншылық органдарының қызметкерлері қалыптасқан практика бойынша, бұрынырақ туылған және мемлекеттің қорғаншылығына қалдырылған ағалары не апалары бар жас нәресте пайда болған жағдайда, мұндай балаға "ағаларынан не апаларынан бөлек бала етіп асырап алуға жатпайды" деген мәртебе береді. Сөйтіп, сәби үйлерінде және балалар үйлеріндегі, ісінде қамқоршылық және қорғаншылық органының "бала етіп асырап алуға жатпайды" деген грифі бар баланы, тіпті ол өзінің ағаларымен және/немесе апаларымен бірге тұрмаса және олардың бар екенін білмесе де, бала асырап алғысы келетін адамдарға көбінесе көрсетпейді. Нәтижесінде мұндай бала әуел бастан жанұяға кіру құқығынан айрылады.

Әлбетте, көп жағдайда ағалы‑апалы балаларды бір‑бірінен айыруға болмайды. Дегенмен іс жүзінде ағалы не апалы балаларды асырап алу осы балалардың мүддесіне сай келетін жағдайлар болады. Бұл мәселені зерттеу кезінде біз мынадай практикалық жағдайларды айқындадық:

1.Анасы мүгедек бала туып қалдыратын жағдайлар бар, ол өмір бойы арнайы мекемелерде тәрбиеленіп, тұратын болады. Біраз уақыттан кейін ол екінші, бірақ дені сау баласын туып, оны да тастап кетеді. Бірақ, өкінішке орай, жаңа туылған дені сау бала ешқашан жанұяға кіре алмайды, себебі қолданыстағы заңнама бойынша бала асырап алушы адам төсек тартып қалған мүгедек үлкен баланы да асырап алуға тиіс. Әдетте, әлеуетті бала асырап алушылар мұндай асырап алуға келіспейді.

2. Кейбір аналар көп бала туып мемлекеттің қорғаншылығына қалдырып кетеді. Әйелдер бірнеше (мысалы, үш, бес және одан да көп) баланы қалдырып кеткен жағдайлар да бар. Олардың барлығын балалар үйлерінде мемлекеттің қамқорлығына қалдырады. Нәтижесінде бұл балалардың барлығын жеке‑жеке бала етіп асырауға болмайды, өйткені олардың аға, іні, апа, қарындастары бар. Ал, мысалы, бірден бес бала асырап алуға көп адамның келісе қоймайтыны анық.

3. Кейбір әйелдер балаларын Қазақстанның әр түрлі қалаларында туып, сонда тастап кетеді. Мысалы, бір әйел бір баласын Қарағанды қаласында, екіншісін Шымкентте, үшіншісін Павлодарда туып, сәбилер үйінде қалдырып кеткен. Қазақстанда ағалы‑апалы балаларды бір қалада біріктіруге мүмкіндік беретін практика әзірше жоқ. Нәтижесінде бұл балалар әр түрлі қалаларда және әр түрлі балалар үйлерінде тәрбиеленіп, бір‑бірінің туған аға‑аға екенін білмейді. Дегенмен олардың ешбірінде кейіннен бала болып жанұяға кіруге мүмкіндігі болмайды, өйткені Қазақстанның басқа бір қалаларында олардың ағалары және апалары бар.

Осылайша, ағалары не апалары бар, бірақ олармен бірге тұрмаған және бірге тәрбиеленбеген көптеген балалар жаңа жанұяға бала болып кіре алмайды, себебі олардың істерінде "жеке‑жеке бала етіп асырап алуға жатпайды"деген белгі бар, сөйтіп олар мемлекеттің қорғаншылығында қалады. Бірақ "Неке және отбасы туралы" кодекске түзетулер енгізілсе, бұл Қазақстан азаматтарының жетім балаларды асырап алу рәсімін оңайлатып, қамқоршылық пен патронаттың қазіргі заманғы нысандарына өтуге мүмкіндік береді. Бәріміз күш салып, қалыптасқан жағдайды өзгертіп, балаларға мейірім мен қамқорлық, ал ең бастысы жанұя табуына көмектесе аламыз!

Жаңалықтар мен оқиғалар

3 ақпан 2012
Жыл сайынғы қайырымдылық Бернс кешкi асы
Британдық ұйым жыл сайын 25 қаңтарда Роберт Бернстiң туған күнiн тойлайды және "Бернс кешкі асына" (Бернс түнi) жиналады.

31 қантар 2012
«Балбұлаққа» қонаққа келген цирк
25 қаңтар күні "Дара" қоры мен Мемлекеттік цирк артістері "Балбулақ" РБОО-на балаларды қуантуға барды. Бiз балармен өткен жылдан бері кездеспегесін қатты сағынып қалдық.

31 қантар 2012
Педиатрия және балалар хирургиясы ҒЗИ-на келген Цирк
"Мереке" жобасының шеңберінде, біздің Қор ай сайын Педиатрия ҒЗИ-ның балаларына барып тұрады. 26 қаңтар күні, біздің ескі достарымыз, Мемлекеттік цирк артістері балақайлардын алдында биылдыққа бірінші рет қойылым қойды.
Бұл жерде Сіз электронды төлемдер (Webmoney, Яндекс, Pay-Pal,HomeBank) жасау арқылы қайырымдылық жобаларына қаржылық демеу көрсете аласыз.
Сіз көрсеткен көмек қордың әлеуметтік жобалары шегінде балаларға жұмсалатын болады. Қорды күтіп ұстауға қатысты барлық әкімшілік шығындарды Қордың құрылтайшысы Гүлнәр Досаева өтейді.