|
"15 000 теңге" акциясы"15000 теңге" акциясы бойынша демеушілерді іздеу жүргізілуде. Бұл демеушілік жоспар жақсылық жасауды қалайтын, бірақ оны қалай тиімді жасауды білмейтін адамдардың сұраныстарын қанағаттандыру үшін жасалды. Ол үшін біз ҚР азаматтарының тұрақты жарналарына арналған платформа құрдық және ай сайынғы жарнаның мөлшерін 15000 теңге деңгейінде белгіледік. Қаражаттарды жинау Дәнекер жобасының пайдасына, атап айтқанда жетім балалар мен мүгедек балалардың сабақтарының ақысын төлеу үшін жүргізілуде. Аталған жобаны шеңберінде Қор балалармен арт-терапиямен, еңбек терапиясымен, театр-терапиямен, билермен, футболмен, гитарада, шахмат ойнау және салауатты өмір салты бойынша жұмыс жүргізеді. 15000 теңге акциясы бойынша екі демеуші дәрістердің бір түрінің бір айлық ақысын төлейді. Айман Аңдаспаева мен Әзиза Нәлібаева арт-терапия бойынша дәрістердің, Люба Пак және Маржан Құлажанова - гитара бойынша дәрістердің ақысын төлейді. Театр- терапия, еңбек терапиясы, салауатты өмір салты бойынша дәрістердің ақысын төлеу үшін сегіз демеушіні іздестіру жүргізілуде. Демеушінің қалауы бойынша демеушілік жарнаны ұлғайтуға мүмкіндік бар, мәселен, демеуші Мақпал Кәріпжанова екі мекемедегі билер бойынша дәрістерді түгелдей төлейді, Ланкастер групп компаниясы футбол бойынша барлық дәрістерді төлейді. Сондай-ақ, демеуші Владимир Брелевтің арқасында, желтоқсан айынан бастап шахмат бойынша дәрістер жоспарланып отыр. |
![]()
|
|||
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
© “Dara Foundation”, 2008-2009 Neolabs Web Solution студиясы әзірлеген. |