KZ
RU
EN

Жаңалықтар мен оқиғалар


7 қыркүйек 2009
«Балалардың жүйке ауруларының диагностикасы, емдеу жолдары, сауықтыру және алдын алу»
Қыркүйек айының басында конгресс алдындағы Украинаның Трускавец қаласында өткен симпозиумда Халықаралық қалпына келтіру емханасының директоры, Украинаның қаһарманы пофессор Козявкин В.И. сөз сөйледі. Бізді оның емдеу әдісі, яғни интенсивті нейрофизиологиялық сауықтыру жүйесі аса қызықтырды. Омыртқаны биомеханикалық түзеу осы әдістің негізі болып табылады. Омыртқаның қозғалысын қайта қалпына келтіру авторлық әдісі омыртқаның қозғалу сегменттерінің қызметтік кедергілерін жоюға бағытталған. Омыртқаны түзеу үрдісін бүтін бір емдік кешенмен біріктіру науқастың ағзасында жаңа қызметтік күйді қалыптастыру мүмкіндігін береді. Мұндай қызметтік күйге бұлшық ет тонусының қалпына келуі, буындардағы белсенді және пассивті қозғалыстар көлемінің көбеюі, талшықтардың трофикаларының ұлғаюы, психикалық үрдістердің белсенділігі жатады. Омыртқаның қызметінің қалпына келуі дененің симметриясының және жүйке-бұлшық ет өзара арақатынастарының қалпына келуінің алғышарты болып табылады. Қызметтік кедергілерді жою ми мен бүкіл ағзаның компенсаторлық мүмкіндіктеріне дем беретін проприоцептивті ақпараттың ағымын күшейте түседі. Осы әдісті тәжірибеде көрсету барысында біз спастикалық диплегиясы бар баланың аяқ бұлшық еттеріндегі спастикалық құбылыстың жоғалып, екі өкшесі орнына келгенін көрдік. Профессор Козявкиннің әдісін БЦП-нің түрлі қозғалыс ауытқуларына әкелген барлық түрлері үшін бірдей қолдануға болады.

Симпозиум аяқталғаннан кейін 7 қыркүйек күні біз Львовтан Киевке Халықаралық конгресске қарай бет алдық.

9 қыркүйек күні конгресстің салтанатты ашылуы кешіне Украинаның бірінші ханымы Катерина Ющенко, Украинаның Денсаулық сақтау министрі Василий Князевич, Балалар неврологтарының Халықаралық бірлестігінің Президенті Роберт Овриер, Ресей ғылымының еңбек сіңірген қайраткері профессор Семенова К.А. қатысты. Жалпы алғанда конгресске әлемнің 42 елінен келген ғалымдар қатысты. Конгрессте баяндамалар ғана оқылған жоқ, Паоло Куратоло (Италия), Орвар Эег-Олофссон (Швеция), Миливой Величкович-Перат (Словения) сияқты балалар неврологтарының халықаралық бірлестігінің мүшелері оқыту курстарын да өткізді.

Сөзді қорытындылай келе, конгресс алдында өткен симпозиумге қатысуымыздың арқасында біз халықаралық қалпына келтіру емханасының жұмысымен етене танысып, В. Козявкиннің әдісін тәжірибе жүзінде бақылап, мамандарды оқыту шарттарын білу мүмкіндігіне ие болдық. Сонымен қатар, мамандарды жұмыс орындарында сынақтан өткізу туралы келсіміге келдік.

Ал Мюнхен қаласынан келген профессор Хубертус фон Фосспен таныстығымыз ендігіде біздің мамандарды рефлекс-локомация әдісіне (Войта терапия), нейро дамытушы терапия (Бобат әдісі), сонымен қатар Алманиядағы сауықтырудың жаңа технологияларына үйрену үшін Алманияға жіберіп отыруға негіз болмақ.
Жаңалықтар мен оқиғалар

16 мамыр 2012
Үнді стилінде өткен қайырымдылық кеш
Осы жылдың наурыз айының 31 жұлдызында, "Tandoor" мейрамханасында, "Дара" Қоры ұйымдастырған "Мереке" жобасының демеушiлерінің бiрi болып табылатын Мирас халықаралық мектебiнiң мұғалiмдерінің ұйымдастыруымен керемет үнді стиліндегі кешкi ас өтті.

10 сәуір 2012
2012 жылдың Әлеуметтік Идеялар және Жобалар Жәрменкесі
Осы жылдың наурыз айының 16 жұлдызында, бүкіл Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Қорында, VIII Респубуликалық Әлеуметтік Идеялар және Жобалар Жәрменкесі өтті. Оған.

27 наурыз 2012
Онкология орталығында өткен Наурыз мерекесі
Наурыз ұлттық мерекесінің қарсаңында біздің Қор Мемлекеттiк цирк әртiстерімен бiрге Онкология және Радиология ҒЗИ-ның балалар бөлiмшесiне балаларды құттықтауға барды.
Бұл жерде Сіз электронды төлемдер (Webmoney, Яндекс, Pay-Pal,HomeBank) жасау арқылы қайырымдылық жобаларына қаржылық демеу көрсете аласыз.
Сіз көрсеткен көмек қордың әлеуметтік жобалары шегінде балаларға жұмсалатын болады. Қорды күтіп ұстауға қатысты барлық әкімшілік шығындарды Қордың құрылтайшысы Гүлнәр Досаева өтейді.