KZ
RU
EN

Жаңалықтар мен оқиғалар


29 маусым 2010
Теңіз оқиғасы!
"Ауыр жеткіншектер" маусымның соңғы күндерінің бірінде Қапшағайға әуес саяхатқа шықты. Осылай оларды "Дара" фонды оқу жылының аяқталуына байланысты мадақтады. 36 бала, 10 тәрбиелеуші, оқу ісінің меңгерушісі және 3 мерзімдік тәрбиелеуші Қазақстанның ең ірі қоймасына аттанды. Оның ұзындығы 100 километр, ал ені 25 километрді құрайды. Девианттық мінез-құлқы бар балаларға арналған білім мекемесінің" тәрбиелеушісі Айман Құрманқызының сөзі бойынша, балалар табиғатқа сирек шығады. Шексіз шомылып және су жағасында күнге қызу - олар үшін үлкен қуаныш. "Біздің түзелу ұйымында әр баланың өз уақыты бар. Егер жеткіншек екінші соттан кейін түзелмесе, оны қайтадан бізге жібереді. Ал бұл, түсінгенімізше шектеулі бостандық. Таңқаларлығы, кейбір балалар бізге өздері қайтып келгілері келеді. Неліктен? Өйткені тәртіптің оларға пайда екенін жақсы түсінеді."

Шомылу, футбол, волейбол, доп ойындары- бұл "Теңіз оқиғасының" тек кішкентай бөлігі.Ал егер сіздерде, құрметті оқырмандар, шағын ақша аударуға мүмкіндіктеріңіз болса, жазғы оқиғалар балалар үшін қайталануы мүмкін.

Фондтың реквизитін біздің сайтта таба аласыз.
Жаңалықтар мен оқиғалар

26 қантар 2012
№5 мектептің суға түсетін бөлмесі жаңартылды
Денсаулық гигиенадан басталатынын барлығымыз білеміз. №5 мектеп-интернат оқушыларында енді бұл мәселе бойынша қиыншылық тумайды деп сенеміз, себебі мектептің істен шыққан суға түсетін бөлмесінде, қажетті санитария нормаларына сай күрделі жөндеу жұмыстары атқарылды.

30 желтоқсан 2011
Девиантты мiнезді балаларға арналған арнайы ұйымдағы жаңа жылдық шай ішу
Жаңа жыл қарсаңында бiздiң Қор девиантты мiнезді балаларға арналған арнайы ұйымға жаңа жылдық дастархан ұйымдастыру мақсатымен барды.

30 желтоқсан 2011
«Балбулақта» өткен жаңа жылдық шырша
Церебральдық сал ауруымен ауыратын балалар ұзақ уақыт бойы "Балбұлақ" Республикалық орталығында ем алады. Осыған қарамастан, олар өз балалық шақтарының бақытты болғанын қалайды.
Бұл жерде Сіз электронды төлемдер (Webmoney, Яндекс, Pay-Pal,HomeBank) жасау арқылы қайырымдылық жобаларына қаржылық демеу көрсете аласыз.
Сіз көрсеткен көмек қордың әлеуметтік жобалары шегінде балаларға жұмсалатын болады. Қорды күтіп ұстауға қатысты барлық әкімшілік шығындарды Қордың құрылтайшысы Гүлнәр Досаева өтейді.