KZ
RU
EN

Жаңалықтар мен оқиғалар


11 маусым 2011
Балмұздақ фестивалі «Балбұлақ» пен «Жанұяның» балалары үшін нағыз мереке болды
2011 жылғы 11 маусымда Орталық демалыс паркінде Балаларды қорғау күнінің құрметіне Балмұздақ фестивалі өтті. "Браво плюс" компаниясы ұйымдастырған мерекеде тек алматылық отбасылар ғана емес, сонымен қатар балалар үйлері мен интернаттардың балалары, сондай-ақ "Дара" қорының қанатының астындағылар - "Жанұя" арнаулы кешені мен "Балбұлақ' болды.

Қазақстандық балмұздақ өндірушілер мен дистрибьюторлар фестивальге тәттінің 300 түрінен астам дайындапты. Балаларға қардай аппақ тәтті мен "Буратино" сусындары ұсынылды. Содан кейін балаларды мерекелік қалашықтағы сан алуан ойын-сауық - конкурстар, викториналар, эстафеталар мен көптеген басқасы күтіп тұрды. "Жанұя" және "Балбұлақ" арнаулы орталықтарының тәрбиеленушілері аттракциондарда және бірнеше мәртеден "Шолу доңғалағында' сайрандады. Баалалар "Менің сүйікті қалам" атты суреттер конкурсына қатысып, мерекелік концертті, шоуды тамашалады және сыйға бейсболкалар алды.

Содан соң балаларды тағы бір тосын сый күтіп тұрды - парктің аумағында орналасқан "Родина" кинотеатрында олар белгілі шытырман оқиғалы "Кариб теңізінің қарақшылары. Таңғажайып жағалауда" фильмін тамашалады. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері мен "Дара" қорының қамқорлығындағылар үшін де киносеанс ақысыз болды.

Балмұздақ фестивалінің шеңберінде қайырымдылыққа ерекше көңіл бөлінді. Ұйымдастырушылардың өздері мерекенің мақсаттарының бірі ретінде Алматы қаласының балалар үйлерін және тұрмысы осал отбасылардың балаларын әлеуметтік және материалдық қолдау мәселелеріне коммерциялық құрылымдардың, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік органдардың назарын аударуды және жандандыруды атайды.

"Дара" ЖҚҚ мерекені ұйымдастырушыларға - "Браво Плюс" компаниясына, сондай-ақ қордың еріктісі Светланаға алғысын білдіреді.

Балмұздақ фестивалі «Балбұлақ» пен «Жанұяның» балалары үшін нағыз мереке болды Балмұздақ фестивалі «Балбұлақ» пен «Жанұяның» балалары үшін нағыз мереке болды Балмұздақ фестивалі «Балбұлақ» пен «Жанұяның» балалары үшін нағыз мереке болды Балмұздақ фестивалі «Балбұлақ» пен «Жанұяның» балалары үшін нағыз мереке болды Балмұздақ фестивалі «Балбұлақ» пен «Жанұяның» балалары үшін нағыз мереке болды
Балмұздақ фестивалі «Балбұлақ» пен «Жанұяның» балалары үшін нағыз мереке болды Балмұздақ фестивалі «Балбұлақ» пен «Жанұяның» балалары үшін нағыз мереке болды Балмұздақ фестивалі «Балбұлақ» пен «Жанұяның» балалары үшін нағыз мереке болды Балмұздақ фестивалі «Балбұлақ» пен «Жанұяның» балалары үшін нағыз мереке болды Балмұздақ фестивалі «Балбұлақ» пен «Жанұяның» балалары үшін нағыз мереке болды
Жаңалықтар мен оқиғалар

16 мамыр 2012
Үнді стилінде өткен қайырымдылық кеш
Осы жылдың наурыз айының 31 жұлдызында, "Tandoor" мейрамханасында, "Дара" Қоры ұйымдастырған "Мереке" жобасының демеушiлерінің бiрi болып табылатын Мирас халықаралық мектебiнiң мұғалiмдерінің ұйымдастыруымен керемет үнді стиліндегі кешкi ас өтті.

10 сәуір 2012
2012 жылдың Әлеуметтік Идеялар және Жобалар Жәрменкесі
Осы жылдың наурыз айының 16 жұлдызында, бүкіл Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Қорында, VIII Респубуликалық Әлеуметтік Идеялар және Жобалар Жәрменкесі өтті. Оған.

27 наурыз 2012
Онкология орталығында өткен Наурыз мерекесі
Наурыз ұлттық мерекесінің қарсаңында біздің Қор Мемлекеттiк цирк әртiстерімен бiрге Онкология және Радиология ҒЗИ-ның балалар бөлiмшесiне балаларды құттықтауға барды.
Бұл жерде Сіз электронды төлемдер (Webmoney, Яндекс, Pay-Pal,HomeBank) жасау арқылы қайырымдылық жобаларына қаржылық демеу көрсете аласыз.
Сіз көрсеткен көмек қордың әлеуметтік жобалары шегінде балаларға жұмсалатын болады. Қорды күтіп ұстауға қатысты барлық әкімшілік шығындарды Қордың құрылтайшысы Гүлнәр Досаева өтейді.