Жаңалықтар мен оқиғалар
30 желтоқсан 2011
«Балбулақта» өткен жаңа жылдық шырша
Цереблальдық сал аурымен ауыраты балалар ұзақ уақыт бойы "Балбұлақ" Республикалық орталығындағы ем алады. Осыған қарамастан олар өз балалық шақтары бақытты болғанын қалайды. Биыл, желтоқсан айының 29-шы жұлдызында, біздің Қор, Мемлекеттiк цирктiң сүйікті әртістерімен бірге, балаларға күлкі мен көтеріңкі көңіл күй сыйлайындеп келдi. Баларға ұнайтын - иттер, мысықтар және Ириска есімді маймыл қызықты қылықтарын көрсетті. Балтабай және Балғабай есімді сыйқымазақ дуэты балаларды керемет қуанышқа бөледі. Балалар да қарап қалмай өздерінің мерекелік нөмiрлерiн дайындап қойыпты. Бұл: "техастық" балалар би тобы, қыздардың керемет Кармен биі және тағыда көптеген орындаулар болды. Бұдан әрi мерекенің бас қонақтары Аяз ата мен Қаршақызға арналған өлеңдер мен тақпақтар орындалды. Содан кейын Аяз ата мен Қаршақыз балаларды, ата-аналарды, тiптi аурухана қызыметкерлерін де залдың ортасында тұрған шыршаның айналасына көңiлдi хороводқа шақырды. Мерекенiң соңында бiздiң Қор дайындаған сыйлықтарды тарата бастадық. Залда жылы атмосфера орын алып, барлығы сиқырлы сәтті күтуде болды.
|
![]()
|
|||
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
© “Dara Foundation”, 2008-2009 Neolabs Web Solution студиясы әзірлеген. |