Жаңалықтар мен оқиғалар
3 ақпан 2012
Жыл сайынғы қайырымдылық Бернс кешкi асы
Британдық ұйым жыл сайын 25 қаңтарда Роберт Бернстiң туған күнiн тойлайды және "Бернс кешкі асына" (Бернс түнi) жиналады. Роберто Бернстер - шотландтық ақын, фольклоршы, көптеген өлеңдер және дастандардың авторы, 1759 жылдың 25 қаңтарында дүниеге келдi. 200 жылдан астам уақыт бойы "Бернс кешкі асы" шотландық мәдениет бөлiгi болып табылады. Шотландықтардың өздерінің айтуы бойынша, 25 қаңтар Шотландияда ұлттық мереке болып есептеледі. Бұл күнді ақынның өнерiнiң табынушылары бүкiл әлемде атап өтедi. "Дара" қоры Халықаралық Әйелдер Клубының мүшелерiмен бірігіп осы мейрамды Алматы қаласында ұйымдастыруға ат салысып жүргеніне биыл екі жыл болды. Биыл кешкi ас, кештiң негiзгi демеушiлерiнiң бiрi болған, қаламыздың ең жақсы қонақ үйлерiнiң бiрі, бес жұлдызды Интерконтиненталь қонақ үйiнде 28 қаңтарда ұйымдастырылды. Кешке 250-ден астам қонақ қатысты, олардың арасында, мереке құрметіне өздерінің дәстүрлi костюмдары - шотландтық клит киген шотландтықтарда аз болған жоқ. Бернс кешкi асы дәстүрлi haggis (қой асқазанына қапталған арпа және өкпе-бауырдан жасалған үлкен сосиска сияқты) және атақты шотландық вискисіз ешқашан өтпейді. Бұл жолы вискиды CELLAR серiктестiгi ұсынған болатын. Кештiң мәзiрi айрықша болды, бұл мейрамхананың бас аспазшысы дайындаған шотландық стильдегі сорпа, Metro Cash&Carry дүкені ұсынған әртүрлі ірімшік пен шарап түрлері, және La Tartin наубайханасы пiсiрген тәтті нандар және тағыда көптеген тағамдар.
Ресми бөлiмнен кейiн, лотереялық билеттердiң ұтыс ойыны басталды. Бiздiң жомарт демеушiлерiмiздің арқасында, осы жылғы ойынға келесi тамаша жүлделер ұсынылды:
* Алматыдан дүние жүзінің қалаған қаласына бизнес класпен барып қайтуға арнналған Air Astana компаниясы ұсынған екі билет
* Алматыдан Анталияға бизнес класпен барып қайтуға және Интерконтиненталь Анталия қонақ үйінде тоқтауға арнналған Air Astana компаниясы ұсынған екі билет
* Интерконтиненталь қонақ үйінің Эдельвейс СПА-салонына екі адамға арналған 6 айлық сыйлық сертификат
* "La Novia" салонынан кешкі көйлек сатып алуға $1000 АҚШ долларға сыйлық сертификат
* Еуразия банкі ұсынған iPad
* G&G Glamour дүкенi ұсынған "Vintage Web Medium" Gucci сөмкесі
Сонымен бiрге, Air Astana компаниясы Шотландиядан арнайы шақырылған Coila Ceilidh тобының музыканттарын тасымалдауды өз жауапкершiлiгiне алды. Музыканттар қонақтарға арнап таңертеңге дейiн рақаттанып билейтiн дәстүрлi шотландық музыкасын орындады. Айтпақшы, бұл билерді алдын ала үйренгiсi келгендерге, арнайы би сабақтары ұйымдастырылған болатын. Ал осы кеште оңай және еркiн билеп жүрген қонақтарға қарағанда, ол би сабақтары текке кетппеген сияқты.
Кештен түскен сома 6 461 182 тг ($43656) құрады. Оның негiзгi бөлiгi, "Дара" қорының ынтасымен құрылған "Иппотерапия" (емдiк атпен жүру) жобасы шеңберінде, "Балбулақ" РБОО-ның аумағында ат қора соғуға жұмсалады. "Балбулақта" айына 50-60-қа жуық церебралдық сал ауруы диагнозы бар балалар ем алады. Жылқылармен жұмыс жасаған балалардың физикалық, психологиялық және эмоциялық күйлерiне оң әсерін тигізетіні ғылыми түрде дәлелденген.
"Дара" қоры кештің барша демеушілеріне - Air Astana компанисына, Интерконтиненталь қонақ үйіне, Еуразия банкіне, HSBC банкіне, KPMG компаниясына, "Тройка Диалог Казахстан" АҚ, "Shell" компаниясына, "САП Казахстан" ЖШС, "LA TARTINE" ЖШС, "CELLAR" ЖШС және кешті ұйымдастырған Халықаралық Әйелдер Клубының мүшелеріне, әсіресе Анна, Ребекка және Камилаға зор алғыс айтады. Немқұрайлы болмағандарыңыз үшін Сіздерге рахмет!
|
Жаңалықтар мен оқиғалар
 |
16 мамыр 2012 |
 |
Осы жылдың наурыз айының 31 жұлдызында, "Tandoor" мейрамханасында, "Дара" Қоры ұйымдастырған "Мереке" жобасының демеушiлерінің бiрi болып табылатын Мирас халықаралық мектебiнiң мұғалiмдерінің ұйымдастыруымен керемет үнді стиліндегі кешкi ас өтті.
 |
10 сәуір 2012 |
 |
Осы жылдың наурыз айының 16 жұлдызында, бүкіл Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Қорында, VIII Респубуликалық Әлеуметтік Идеялар және Жобалар Жәрменкесі өтті. Оған.
 |
27 наурыз 2012 |
 |
Наурыз ұлттық мерекесінің қарсаңында біздің Қор Мемлекеттiк цирк әртiстерімен бiрге Онкология және Радиология ҒЗИ-ның балалар бөлiмшесiне балаларды құттықтауға барды.
|