KZ
RU
EN

Жаңалықтар мен оқиғалар


9 ақпан 2009
Кішкентай қазақстандықтардың жүректерін итальяндық дәрігерлер құтқаруда
Жыл сайын Қазақстанда 3000 ға жуық бала туа біткен жүрек пороктарымен туылады. Қазіргі уақытта 5000 нан астам баланың жүректеріне операция жасау қажет. Бұл пороктардың көп бөлігіне бала бір жасқа толғанша операция жасалуға тиіс. Бірақ, өкінішке орай, Қазақстанда білікті мамандар болғанымен, салмағы 13 кг дейінгі жаңа туылған нәрестелерге операция жасау үшін клиникаларда арнайы жабдық пен жарақтау жоқ. Әзірше кішкентай қазақстандықтар белгілі бір салмаққа жетуін, ал туа біткен жүрек поргының (ТЖП) бірқатар жағдайында бұл өте қиын, немесе шетелде операция жасау мүмкіндігін іздестіруге мәжбүр.

Қалыптасқан жағдайды қазақстандық бизнесмендер, Сызғанов атындағы ҰҒХО жетекші кардиохирургтары, Италияның "Ospedali Riuniti di Bergamo" (Бергамо, Италия) клиникасының жетекші дәрігерлері және Алматы қаласының қайырымдылық қорлары ("Дом" ҚҚ, "Аяла" және "Дара" ЖҚҚ) өзгертуге шешіп, "Cuore di bimbi - Children Hearts" - "Балаларға Өмір Сыйла" жобасын ұйымдастырды. Бұл шараның шеңберінде 7 15 ақпан аралығында қазақстандық және итальяндық мамандар туа біткен жүрек порогы бар сәбилерге 20 қайырымдылық кардиохирургиялық операция жасады. Операция жасаудан басқа, итальяндық мамандар біздің кардиологтарға, кардиохирургтарға, анестезиологтарға арнап балалар кардиохирургиясы және медицинаның бұл саласындағы соңғы жетістіктер туралы дәрістер оқыды.

9 ақпанда Сызғанов атындағы ҰҒХО "Cuore di bimbi - Children Hearts" - " Балаларға Өмір Сыйла" жобасы шеңберінде қазақстандық БАҚ тарға және барлық мүдделі адамдарға арналған баспасөз конференциясы болып өтті. Баспасөз конференциясына Сызғанов атындағы ҰҒХО жетекші мамандары және Италияның "Ospedali Riuniti di Bergamo" клиникасының дәрігерлері: кардиохирургтар Витторио Ванини және Виталий Пак, кардиолог Маттео Чиуфреда, перфузиолог Джузеппе Джисланди, анестезиолог Джимпаоло Мартинелли және реанимация қызметкері Сара Мингори, сондай ақ итальяндық "Mediaset" арнасының екі журналисі қатысты.

Баспасөз конференциясында итальяндық хирург Витторио Ванини өзінің алған әсерімен бөлісіп, былай деді:

- Мен дәрігерлеріңіздің - хирургтардың, анестезиологтардың жоғары біліктілік деңгейіне сүйсіне таң қалдым. Операция барысында біз де, біздің қазақстандық әріптестеріміз де өте дәл және жөнге салып жұмыс жасадық. Сіздердегі клиникалардағы мен көріп тұрған жалғыз проблема - бұл жаңа, заманауи жабдықтың және қажетті медициналық материалдар мен препараттардың тапшылығы. Бірақ мен бұл уақытша жағдай деп ойлаймын, жуық арада бәрі де жөнге келеді. Міне, сонда сіздердің дәрігерлеріңіз салмағы жеткіліксіз балаларға бұдан әлденеше көп операция жасай алады. Уақтылы жасалған операция - баланың аман қалуының ғана емес, оның денсаулығының толығымен қалпына келуінің кепілі, өйткені балалардың өмірлік күші өте зор, олардың организмдері өте тез әрі пәрменді қалпына келеді. Тек қана уақыт өткізіп алмау керек. Біздің дәрігерлер бригадасының сапарының тамаша ұйымдастырылғанын және таңғалдырар қазақстандық қонақжайлықты ерекші атап өткім келеді. Біз осындай операцияларды әр түрлі елдерде жасап жүрміз, бірақ Қазақстан біз үшін жаңалық болды.

"ДОМ" ҚҚ және "Аяла" және "Дара" ЖҚҚ

- Сызғанов атындағы ҰҒХО ға,

- "Алматы" қонақ үйінен нөмірлер беріп, қызмет көрсетуді ұйымдастырған Нұрлан Смағұловқа,

- "Ассорти" мейрамханалар желісіне,

- "Bellagio" мейрамханасына,

- "Мама миа"

- "Sadu",

- "Тюбетейка",

- "Белый кофе" мейрамханаларына қонақтарға кешкі ас ұйымдастырғаны үшін алғысын білдіреді.

Кішкентай қазақстандықтардың жүректерін итальяндық дәрігерлер құтқаруда Кішкентай қазақстандықтардың жүректерін итальяндық дәрігерлер құтқаруда Кішкентай қазақстандықтардың жүректерін итальяндық дәрігерлер құтқаруда Кішкентай қазақстандықтардың жүректерін итальяндық дәрігерлер құтқаруда Кішкентай қазақстандықтардың жүректерін итальяндық дәрігерлер құтқаруда
Жаңалықтар мен оқиғалар

16 мамыр 2012
Үнді стилінде өткен қайырымдылық кеш
Осы жылдың наурыз айының 31 жұлдызында, "Tandoor" мейрамханасында, "Дара" Қоры ұйымдастырған "Мереке" жобасының демеушiлерінің бiрi болып табылатын Мирас халықаралық мектебiнiң мұғалiмдерінің ұйымдастыруымен керемет үнді стиліндегі кешкi ас өтті.

10 сәуір 2012
2012 жылдың Әлеуметтік Идеялар және Жобалар Жәрменкесі
Осы жылдың наурыз айының 16 жұлдызында, бүкіл Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Қорында, VIII Респубуликалық Әлеуметтік Идеялар және Жобалар Жәрменкесі өтті. Оған.

27 наурыз 2012
Онкология орталығында өткен Наурыз мерекесі
Наурыз ұлттық мерекесінің қарсаңында біздің Қор Мемлекеттiк цирк әртiстерімен бiрге Онкология және Радиология ҒЗИ-ның балалар бөлiмшесiне балаларды құттықтауға барды.
Бұл жерде Сіз электронды төлемдер (Webmoney, Яндекс, Pay-Pal,HomeBank) жасау арқылы қайырымдылық жобаларына қаржылық демеу көрсете аласыз.
Сіз көрсеткен көмек қордың әлеуметтік жобалары шегінде балаларға жұмсалатын болады. Қорды күтіп ұстауға қатысты барлық әкімшілік шығындарды Қордың құрылтайшысы Гүлнәр Досаева өтейді.