Жаңалықтар мен оқиғалар
5 маусым 2008
 Қазақстанда балалар тағамына арналған шыны бөтелкелер жасалмайды және сатуда да жоқ. №2, 3 Сәбилер үйлері үшін бұл нағыз проблемаға айналды. Жеке демеушілер балалар тағамы қоспаларына арналған импорттық әдемі пластик бөтелкелерін бірнеше мәрте сыйлады. Бірақ, өкінішке орай, олар тез арада жарамсыз болып қалады және өздерінің қымбат құнын өтемейді.
2 маусым 2008
Алматы қаласындағы үш балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балаларға арналған Халықаралық балаларды қорғау күні. Еліктірер ойындары, көңілді байқаулары мен жарыстары бар көркем шоуды балаларға арнап "Аяла" және "Дара" қайырымдылық қорлары ұйымдастырды. Олардың бастамасын Тұңғыш Президенттің Қоры, Алматы қаласының әкімі, сондай‑ақ білім және ғылым министрі қолдады.
1 маусым 2008
 1 маусымда "Дара" жеке қоры "Аяла" қорымен бірлесіп өздері қамқорлық жасап жүрген балалар үйлерінің 500 (бес жүз) бүлдіршінге арнап мереке ұйымдастырды. Ал Қалқаманда орналасқан Американ халықаралық мектебі Балаларды қорғау күніне тұтас бір футбол алаңын тегін пайдалануға ұсынды. Салтанаттың себепкерлеріне Мемлекеттік цирктің әртістері, Қазақстан эстрадасының жұлдыздары (All давай және FM тобы) өнерлерін көрсетті, ал мерекенің жүргізушісі әйгілі шоумен Александр Шумский болды.
21 мамыр 2008
 21 мамыр күнін "Балбұлақ" РБОО балалары тағатсыздана күткен болатын, сөйтіп оларға нағыз сиқыршы келіп, жұртшылықты өзінің фокустарымен таңғалдырды әрі таңырқатты. Бірақ балаларды шаттыққа бөлеген Цирк әрістері ғана емес - балалар да қарыздар болмай, циркачтарға өздерінің әсем де ашық суреттерін сыйлады. Бұл мереке көп уақыт балалардың есінде қалсын деп "Дара" қайырымдылық қоры оларға конструктор жинақтарын сыйға тартты.
14 мамыр 2008
 Ай сайын бүкіл Республикадан келген отыздан астам бала "Мереке" жобасы шеңберінде Оңтүстік астана бойынша өте қызықты экскурсияға шығады. 2008 жылғы 14 мамырда бүлдіршіндер Алматының көрікті жерлерімен танысты: Археология мұражайына, Республика алаңына (осыдан 20 жыл бұрын болған оқиғаға арналған "Еркіндік таңы" монументіне), "Қазақстан" қона үйіне, Республика сарайына, арқан жолға, Оқушылар сарайына барды.
17 сәуір 2008
"Балбұлақ" Республикалық Балаларды Оңалту Орталығында Қазақстанның түкпір‑түкпірінен келіп емделіп жатқан ұлдар мен қыздарға қаламыздың көрікті жерлерімен танысу өте қызық. "Дара" жеке қорының қызметкерлері 17 сәуірде Алматы бойынша шағын экскурсия ұйымдастырды. Сапардың бағдары мынадай болды: Сәтбаев көшесі - городок Аграрлық университет қалашығы - Республика Алаңы- Алматы қаласының Әкімдігі - Президент Резиденциясы. Тәуелсіздік монументінің жанына келгенде, балалар көктегі "алтын" адам стеласының қасында ұзақ уақытқа естелік болсын деп суретке түскілері келді. Екінші рет балалар Қазақстанның Орталық Мемлекеттік Мұражайына аялдады. Экскурсияшы мұражайдың баға жетпес құндылықтары туралы егжей‑тегжейлі әрі түсінікті етіп әңгімелеп берді.
10 сәуір 2008
Соңғы бес жылдың ішінде Қазақстанда балалар қылмыстылығы 20%‑дан астамға төмендеген, мысалы, былтыр кәмелетке толмағандар 5 400 қылмыс жасады. Дегенмен, тәжірибе көрсетіп отырғандай, олардың құқыққа қарсы іс‑әрекет жасау дәрежесі жоғары болып отыр. Кәмелетке толмағандар жасайтын қылмыстардың үштен біріне жуығы ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына жатады. Мектеп оқушыларының арасында маскүнемдіктің таралуы ерекше қауіпті болып отыр.
18 наурыз 2008
 Қатты ауыратын баланың қуанып‑шаттануы оның емін жеңілдетіп қана қоймай, жазылуына да әкеледі. "Дара" қорының қызметкерлері "Балбұлақ" РБОО‑да емделіп жатқан балалардың бос уақытын көңілді ету үшін "Мереке" жобасын ұйымдастырды. 18 наурызда балалар цирк әртістерінің ‑ иллюзионисттер, бірегей жанр әрістерінің, жонглер-клоунның өнерін тамашалады. Сары шашты алып клоунға балалар ең көп қол шапалақтады. Мерекенің соңында әр балаға арнап қор пазлдар мен шоколад сыйлады.
13 наурыз 2008
 Алматы қаласының басты көрікті жерлерімен танысу әдетте Республика алаңынан басталады, онда көкте шарықтап тұрған айбынды "алтын" адам өзіне бағындырған қанатты барысқа билік етеді. Одан кейінгі бағдарымыз ‑ 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябағы. Бұл саябақ Даңқ мемориалымен, Естелік Аллеясымен және Мәңгі Алауымен әйгілі. Естелік аллеясында Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде Мәскеу үшін шайқаста қаза тапқан 28 панфиловшы‑батырдың есімдері жазылған 28 гранит ескерткіш орнатылған.
14 ақпан 2008
 Қасиетті Валентин күнінде "Дара" қоры балаларға арнап Алматы қаласы бойынша шолу экскурсиясын ұйымдастыруды шешті. Ішінде балалар және олардың аналары отырған екі автобус қаланың басты көрікті жерлеріне: Президент Сарайына, Орталық Мемлекеттік мұражайға барды. Республика алаңында аялдама жасалып, балалар ата‑аналарымен бірге Тәуелсіздік Монументінің жанында естелікке суретке түсті.
|
Жаңалықтар мен оқиғалар
 |
16 мамыр 2012 |
 |
Осы жылдың наурыз айының 31 жұлдызында, "Tandoor" мейрамханасында, "Дара" Қоры ұйымдастырған "Мереке" жобасының демеушiлерінің бiрi болып табылатын Мирас халықаралық мектебiнiң мұғалiмдерінің ұйымдастыруымен керемет үнді стиліндегі кешкi ас өтті.
 |
10 сәуір 2012 |
 |
Осы жылдың наурыз айының 16 жұлдызында, бүкіл Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Қорында, VIII Респубуликалық Әлеуметтік Идеялар және Жобалар Жәрменкесі өтті. Оған.
 |
27 наурыз 2012 |
 |
Наурыз ұлттық мерекесінің қарсаңында біздің Қор Мемлекеттiк цирк әртiстерімен бiрге Онкология және Радиология ҒЗИ-ның балалар бөлiмшесiне балаларды құттықтауға барды.
|