KZ
RU
EN


«Балақай» жобасы

"Балақай" жобасы бұл Алматы қаласының медицина мекемелеріне жәрдем көрсету жобасы.

Жобаның басты мақсаты жергілікті емдеу мекемелерінің медициналық жарақталуын жақсарту және жергілікті медицина кадрларының білім деңгейін жоғарылату болып табылады.

Жұл жобаның желісімен Педиатрия және Балалар Хирургиясы ҒЗИ екі реаниматолог дәрігері Children’s National Medical Center (CNMC, Washington, DC) мекемесінде тағылымдамадан өтті (US News and World Report CNMC мәліметтері бойынша жыл сайын ол АҚШ тың ең үздік педиатрия клиникаларының ішінде бірінші орынға ие болады).

Сондай ақ Қор "Балбұлақ" Оңалту Орталығының және Педиатрия ҒЗИ дәрігерлерінің әр түрлі оқыту семинарларына қатыстыру бойынша көмек көрсетті.

Сонымен қатар осы жобаның шеңберінде Қор Педиатрия және Балалар Хирургиясы ҒЗИ реанимация бөлімін жарақтандыру жағынан да жәрдем беріп келеді. Оның жәрдемі жаңа туылған нәрестелердің реанимация бөлімін перифериялық жолмен кіргізілетін орталық катеторлармен (PICC - peripherally inserted central catheter) жарақтандыруға бағытталған. Жоба дүниеге жаңа келген балалардың арасындағы өлім жітімді азайту мақсатын көздейді.

Қазіргі уақытта тоғыз айға жетпей туылған, денсаулығында қиындықтары бар нәрестелердің өмірін қолдау үшін бұғана астына кіргізілетін катетерлар қолданылады, ал оларды пайдаланудан баланың денсаулық жағдайы ауырлап қана қоймай (тіпті оның өкпесі мен жүрегіне зақым келеді), сондай ақ тоғыз айға жетпей туылған нәрестелердің салмағының аз екенін және қиын жай күйін ескерсек, олар өте инвазивті. Педиатрия ҒЗИ басшылығы айына жетпей туылған, қарқынды реанимация бөліміне келіп түсетін балалардың арасында өлім жітімнің жоғары болуына алаңдап отыр.

"Дара" Қоры АҚШ тың жетекші клиникаларының: Children's National Medical Center (CNMC, Washington, DC) және Children's Hospital at Yale-New Haven (Yale University) жаңа туылған нәрестелердің қарқынды реанимациясы бөлімдерінің меңгерушілерінен кеңестеме беруін өтінді.

Олар PICC (перифериялық жолмен кіргізілетін орталық катетерлар - peripherally inserted central catheter) пайдалануға кеңес берді, олар:

*тамырға ұзақ уақыт қол жеткізуге мүмкіндік береді, мұның өзі тамырға қайталап пункция жасамауға жол ашады

*шағын "қанаттарымен" ыңғайлы бекітілуінің және кіріктірілген ұзартқшының арқасында тамыр қабырғасына зақым келу тәуекелін азайтады

*катетердің икемді болуының арқасында (катетер жоғары термо сезгіш полиуретаннан жасалған, ол оңай кіргізіледі, бірақ енгізгеннен кейін тез жұмсарады) тіпті айынан бұрын туылған салмағы аз нәрестелер де оған жақсы шыдайды

*рентген контрастты

PICC мемлекеттік сатып алудың қиындығы мынада: PICC сияқты заманауи жұмсау материалдары Қазақстан аумағында тіркелмеген. Жыл сайын реанимация бөлімдері 150-160 PICC жинағына мұқтаж болып отырады.

"Балақай" жобасының жаңалықтары мен оқиғалары

2 ақпан 2011
Онкология және Радиология ғылыми-зерттеушілік институтында
Ай сайын "Мереке" жобасының шеңберінде балаларға әртістер - Мемлекеттік цирктің цирк әртістері қонаққа келеді. Қор Валихан Челобановқа және барша цирк майталмандарына зор алғысын білдіреді! Сіздердің немқұрайды болмағандарыңыз үшін Үлкен Рақмет!!!

7 қыркүйек 2009
Қыркүйек айының басында конгресс алдындағы Украинаның Трускавец қаласында өткен симпозиумда Халықаралық қалпына келтіру емханасының директоры, Украинаның қаһарманы пофессор Козявкин В.И. сөз сөйледі. Бізді оның емдеу әдісі, яғни интенсивті нейрофизиологиялық сауықтыру жүйесі аса қызықтырды. Омыртқаны биомеханикалық түзеу осы әдістің негізі болып табылады.

9 ақпан 2009
Кішкентай қазақстандықтардың жүректерін итальяндық дәрігерлер құтқаруда
Жыл сайын Қазақстанда 3000 ға жуық бала туа біткен жүрек пороктарымен туылады. Қазіргі уақытта 5000 нан астам баланың жүректеріне операция жасау қажет. Бұл пороктардың көп бөлігіне бала бір жасқа толғанша операция жасалуға тиіс. Бірақ, өкінішке орай, Қазақстанда білікті мамандар болғанымен, салмағы 13 кг дейінгі жаңа туылған нәрестелерге операция жасау үшін клиникаларда арнайы жабдық пен жарақтау жоқ.
Бұл жерде Сіз электронды төлемдер (Webmoney, Яндекс, Pay-Pal,HomeBank) жасау арқылы қайырымдылық жобаларына қаржылық демеу көрсете аласыз.
Сіз көрсеткен көмек қордың әлеуметтік жобалары шегінде балаларға жұмсалатын болады. Қорды күтіп ұстауға қатысты барлық әкімшілік шығындарды Қордың құрылтайшысы Гүлнәр Досаева өтейді.