KZ
RU
EN


«Дәнекер» жобасы

"Дәнекер" жобасы - бұл жетім балаларға және мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған балалар мекемелеріне жәрдем көрсету жобасы.

Бұл жобада Қор балалар ұйымдарының және демеушілік көмек көрсеткісі келетін компаниялардың немесе адамдардың арасындағы делдал қызметін атқарады.

Осындай балалар мекемелерінің шұғыл мұқтаждықтарын айындап, Қор бұған әлеуетті демеушілердің назарын аудартуға және қаржылай немесе материалдық түрде жәрдем көрсетуге тырысады.

Осы жоба шеңберінде Қор мына төмендегі балалар мекемелеріне қамқорлық көрсетеді:


1)Саңырау және Құлағы нашар еститін Балаларға арналған №1 Арнайы Мектеп Интернат, Алматы қаласы


2)Құлағы нашар еститін Балаларға арналған Мектеп Интернат, Алматы қаласы


3)Мінез құлығы Девиантты Балаларға арналған Арнайы Білім беру Ұйымы, Алматы қаласы


Осы жобаның желісімен Мінез құлығы Девиантты Балаларға арналған Арнайы Білім беру Ұйымында балалар Арт-терапия, Театр-терапиядан өтеді, сондай ақ мүсін жасаумен шұғылданады және драматургиялық үйірмеде ойнайды.

Сондай ақ Құлағы нашар еститін Балаларға арналған Мектеп Интернатта Қор сын көтермейтін жағдайға жеткен бөлмелерді (себізгі бөлмесін, шешініп киінетін бөлмені, ұлдарға арналған дәретхананы және қыздарға арналған дәретхананы) жөндеді.

Егер сіздің осындай ұйымдарға жәрдем көрсеткіңіз келсе және мұны қалай жасауға болатынын білмесеңіз, Дара Қорында сізге балалардың неге мұқтаж екенін және балаларға барынша қуаныш пен пайда әкелу үшін тіпті ең аз қайырмалықты қалай табыспен және нәтижелі пайдалануға болатынын егжей тегжейлі айтып береді.

Осы жобаға қатысқысы келетін барлық адамдарды шақырамыз. Дәл осы бағдарламаға әр адам қатыса алады, өйткені "Дәнекер" жобасы желісінде волонтерлік жұмыс және қатысу түріндегі қайырмалық қабыл алынады.

"Дәнекер" жобасының жаңалықтары мен оқиғалары

11 маусым 2011
Балмұздақ фестивалі «Балбұлақ» пен «Жанұяның» балалары үшін нағыз мереке болды
2011 жылғы 11 маусымда Орталық демалыс паркінде Балаларды қорғау күнінің құрметіне Балмұздақ фестивалі өтті. "Браво плюс" компаниясы ұйымдастырған мерекеде тек алматылық отбасылар ғана емес, сонымен қатар балалар үйлері мен интернаттардың балалары

3 маусым 2011
Шадыман жазға әдемі аяқ киім
3 маусымда біздің қамқорлығымыздағы "Жанұя" арнаулы кешенінің "Гладиолус" сыныбын жаңа жағымды тосын сый күтіп тұрды. "Дара" қорының достары - Palladium Company KZ - балаларға 15 жұп аяқ киім мен ұйықтар сыйлады.

1 маусым 2011
№ 9 интернаттан Nine Planet Астанадағы конкурсқа қатысты
1 мамырда Астанада Республикалық балалар би конкурсы болып өтті, оның қатысушыларының қатарында сөйлеу қабілетінің ауыр бұзылушылықтары бар балаларға арналған № 9 арнайы мектеп-интернаттың Nine Planet ұжымы да болды.
Бұл жерде Сіз электронды төлемдер (Webmoney, Яндекс, Pay-Pal,HomeBank) жасау арқылы қайырымдылық жобаларына қаржылық демеу көрсете аласыз.
Сіз көрсеткен көмек қордың әлеуметтік жобалары шегінде балаларға жұмсалатын болады. Қорды күтіп ұстауға қатысты барлық әкімшілік шығындарды Қордың құрылтайшысы Гүлнәр Досаева өтейді.