|
«Мереке» жобасыАлматы қаласының медицина мекемелерінде ұзақ уақыт емделіп жатқан балалардың бос уақытын өткізуді ұйымдастыру үшін "Дара" қоры "Мереке" жобасын ұсынып бастама көтерді. Жобаның мақсаты науқас балалардың неғұрлым тиімді оңалуы мен сауығуы үшан олардың бос уақытын ұйымдастыру мүмкіндігін жақсарту болып табылады. Бұл жобаны Қор мына ұйымдар үшін жүргізіп отыр:
- Онкология және Радиология ҒЗИ (Балалар бөлімі) - Республикалық "Балбұлақ" Оңалту орталығы - Педиатрия және Балалар Хирургиясы ҒЗИ (Онкогематология бөлімі) Бұл мекемелерде ракқа қарсы химиялық ем алып жатқан балалар, сондай‑ақ нерв жүйесі мен психикасы органикалық зақымдалған балалар тұрады. Бұл мекемелерде ұзақ уақыт емделіп жатқан көптеген балалар іс жүзінде жарық дүниеге келген күннен бастап төсек тартып қалған немесе аурухананың кестесі бойынша өмір сүреді. Процедуралар, ауруханалар, дәрігерлер - бұл олардың күнделікті өмірі. Соның салдарынан олардың көбінің балалық шағы жоқ десе болады. Балалардың көпшілігі мүгедек, сөйтіп олар өз бетімен жүре алмайды (кейбіреуінің қолы не аяғы ампутацияланған). Оның үстіне, олардың көбі Қазақстанның шалғай аймақтарында әлеуметтік жағдайы нашар отбасыларынан шыққан. Бұл балалардың қуанатын, балаша ойын ойнайтын күні аз. Алматыға келгеннен кейін, бұл балалар аурухана аумағынан шыға алмайды, ал ауруханалардың басшылары олардың эмоциялық және психикалық жай‑күйін одан әрі жақсарту үшін бос уақыттарын тиісті түрде ұйымдастыра алмайтынына өкінеді. Қор бұл балаларға көңіл‑күйін көтеруге, аурухана кестесін бір сәт болса да ұмытуға, жаңа жағымды эмоциялар алуға мүмкіндік жасағысы келеді. Бір сөзбен айтқанда, барлық балалар сияқты көңілденуіне жағдай туғызғысы келеді. Жоба осындай балалардың эмоциялық‑психикалық жай‑күйін жақсартуға да бағытталған. Бос уақытта ұйымдастыру бағдарламасы аналарға өз балаларын жаңа ортада, ауруханалар мен аурухана процедураларынан бос жағдайда көруге мүмкіндік береді. Циркачтардың келуі, қуыршақ театрына немесе хайуанаттар бағына бару осындай балалардың аналары үшін елеулі маңызы бар оқиға болып отыр. Осыған орай Қор балалардың бос уақытын өткізу бағдарламасын әзірледі, оған мына іс‑шаралар кіреді: 1) Ай сайын аниматорларды, клоундарды шақырып, хайуанаттар қатысатын көрсетілімдер қойып мереке өткізу. Мереке кезінде балаларға түрлі сыйлықтар мен тәттілер беріледі. Қорға берілген жеңілдіктердің, сондай‑ақ қаражатты тиімді пайдаланудың арқасында мерекенің бюджеті үлкен емес, сөйтіп ол көптеген демеушілер үшін қиынға соқпайды. 2) Ай сайынғы турлар (Алматы Хайуанаттар бағына, Циркке, Қуыршақ Театрына, Алматы қаласының ең көрікті жерлеріне бару). Турлар медициналық көрсетімдер бойынша тасымалдауға болатын балаларға арнап қана өткізіледі. 3) Демалыс бөлмелерін жарақтау (жиһазбен, техникамен, кітаптармен, DVD дискілермен, ойыншықтармен) Бұл жоба шеңберінде Қордың әріптесі болып Almaty International School қатыстып отыр. Бұл мектеп қайырымдылық негізінде автобустарын, шоферларын және бензинді ұсынып отыр. Дара Қоры басқа ұйымдар мен компанияларды "Мереке" жобасына қатысуға шақырады. |
"Мереке" жобасының жаңалықтары мен оқиғалары
![]()
|
![]()
|
|||||
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
© “Dara Foundation”, 2008-2009 Neolabs Web Solution студиясы әзірлеген. |