Kazakhstan Lottery Service туралы. Қазақстан Лоттери Сервис компаниясы 2004 жылдың сәуір айында бүкіл әлемде ғаламат танымалдыққа ие он-лайн лотерея ұйымдастыру үшін құрылған, тиісті маркетингілік зерттеулер жүргізілгеннен кейін, 2009 жылғы 30 қарашада "Супер Лото" лотореясының ашылуы болып өтті.
Сатылудан бастап, нәтижелерді тексеруге дейін, бүкіл үдеріс Он-лайн жүйесінде өңделеді. Супер Лото үшін жүйелік қамтамасыздықты IT саласындағы дүниежүзілік көшбасы SAMSUNG SDS компаниясы ұсынады, лотореялық терминалдар мен бағдарламалық жасақтама халықаралық KLS корей компаниясының техникалық қолдау құрылымына кіреді, "Супер Лото" жобасында халықаралық лоторея бизнесі саласында жоғары кәсіпқойлыққа ие адамдар қамтылған.
Бүгінгі таңда Қазақстанның 7 қаласында: Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Өскемен, Семей, Таразда 957 сауда орыны ашылған. 2010 жылы Павлодар, Атырау қалаларында, және көп ұзамай басқаларында да, терминалдар орнатылады, яғни, сауда орындарының саны ұлғаятын болады. Қазақстанны бүкіл аумағы бойынша сауда орындарының желісін ұлғайту жоспарлануда.
www.superlotto.kz

"Astana-Plat" ЖШС-нің қызметінің негізгі стратегиялық бағыттары алыс және жақын шетелдердің тұрғындарынан төлемдер қабылдауды ұйымдастыру үшін бағдарламалық-технологиялық шешімдерді дамытудың және ілгерілетудің есебінен Қазақстанның төлем жүйелері мен электрондық коммерция нарығындағы көшбасылық позицияларын нығайту болып табылады.
"Astana-Plat" ЖШС сондай-ақ қайырымдылық қорларының серіктесі болып табылады. Біздің бастамамыз бойынша, "Касса24" өздігінен қызмет көрсету терминалдары арқылы "Дара" қорына қайырымдылық мақсатына ақша аударымдары аударым үшін қандай-да бір комиссиялар есептеусіз жүзеге асырылады, яғни, аударылатын сома түгелдей мұқтаж балаларға жәрдемге келіп түсетін болады.
www.kassa24.kz
"Resmi" компаниясы жыл сайын "Дара" қорының жобаларына қатысып, қордың қамқорлығындағы барлық ұйымдарға ақысыз жаңажылдық сыйлықтар, сондай-ақ Алматы қаласының барлық жетімдері үшін өткізілетін жыл сайынғы "Шаттық күні" мерекесі үшін сусындар мен тағамдар ұсынады.
Resmi компаниялар тобы - мажоритарлық типті әртараптандырылған инвестициялық компания, Қазақстанда, Ресейде, Өзбекстанда операциялар жүргізеді және үздік басқару практикалары мен жүйелерін қолдану арқылы үлгілі көшбасы компанияларды өсіруді, операциялық, қаржылық және заңгерлік көлегейсіздікті, салаларда консолидациялық үдерістерге ықпалдасатын кәсіпкерлік көзқарасты және командалық көшбасылықты көтермелеуді, және сонысы арқылы негізінен экономиканың шикізаттық емес салаларының инвестициялық тартымдылығын жоғарылатуды діттейді.
www.resmi.kz
"КИДО" медико-психологиялық орталығы
"КИДО" медико-психологиялық орталығы 2006 жылдың наурызынан бері қызмет етіп келеді. Екі жарым жыл бойы орталықтың мамандары жеке кеңестер береді, тренингтер мен семинарлар өткізеді. Әйелдерге арналған психотерапиялық топ 2007 жылдың ақпанынан бастап жұмыс істейді. Балалар риторикасы бойынша тренингтер, арттерапия, мектеп жасына дейінгі балалармен тренингтер өткізіледі. Орталыққа психологиялық себептен болған физикалық денсаулығы нашар адамдар келеді. Психология бөлімінің студенттері мен түлектері үшін оқыту тренингтері, компаниялардың басшыларына арналған үйрету психологиялық тренингтері, команда құру және стресс-менеджментке арналған тренингтер, некедегі жұптарға арналған тренингтер өткізіледі. "Мереке" жобасының шеңберінде "Кидо" психологиядық орталығы ауыр ауруларға шалдыққан балалардың ата-аналарына арналған "Қуанышты сәттер" атты тегін психологиялық тренингтер өткізеді, сонымен қатар ауытқулары бар балаларға арналған арнайы ұйымдардағы балалар үшін сессиялар ұйымдастырады.
ДАРУС
ДАРУС Медициналық орталығы — Қазақстанның лазерлі косметология мен эстетикалық медицина саласындағы озық медициналық емханасы, Астана қ. Эстетикалық Медицинаның Қазақстандық Қауымдастығының филиалы. Қазіргі уақытта емханада 20 шақты маман жұмыс атқарады. Бұл мамандар Алманияның, Францияның, Испания мен Италияның ең мықты емханаларында оқыған. Негізгі бағыттары – лазерлі хирургия мен эстетикалық косметология. "Дарус" медициналық орталығы "Дара" қорының "Балақай" жобасына қатысады. Орталық сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған №9 кемшіліктерді түзететін арнайы жалпы білім беру мектеп-интернатының қоянжырықты операциялаған балаларының тыртықтарын жою бойынша тегін лазерлі ажарландыру үрдісін өткізеді.
ҚазИнвестБанк
ҚазИнвестБанк "Дара" Қайырымдылық қорының байырғы және тұрақты демеушісі болып табылады. ҚазИнвестБанк (бұрынырақ - "ҚазИнтерБанк") 1933 жылы құрылған. был создан в 1993 г. 2004 жылы Қазинвестбанк (бұдан әрі - ҚИБ) банктік қызметтердің барлық түрлерін көрсетуге қажетті бар лицензияны алып, коммерциялық емес банк ретінде белсенді түрде дами бастады.
Бүгінгі таңда ҚИБ Қазақстанның динамикалық дамып келе жатқан үздік банктерінің біреуі болып табылады. 2004 жылда коммерциялық банк ретінде қызмет ете бастағаннан бері, яғни 2006 жылдың 1 желтоқсанына дейін активтер 8 миллион АҚШ долларынан 170 миллион АҚШ долларына дейін көбейді, ал жеке капиталы 7 миллионнан 47 миллион АҚШ долларына дейін өсті.
Lancaster Group
Ланкастер Груп "Дара" Қайырымдылық қорының байырғы және тұрақты демеушісі болып табылады. Ланкастер Груп - өзінің акционерлері, қызметкерлері және қоғам үшін экономикалық және әлеуметтік құндылықтар алыптастыру мақсатында экономикасы дамушы және дамыған елдердің активтерін инвестициялайтын жеке меншік компания.
Ланкастер Груп "Дара" Қайырымдылық қорының байырғы және тұрақты демеушісі болып табылады. Ланкастер Груп - өзінің акционерлері, қызметкерлері және қоғам үшін экономикалық және әлеуметтік құндылықтар қалыптастыру мақсатында экономикасы дамушы және дамыған елдердің активтерін инвестициялайтын жеке меншік компания.
ЕРСАЙ
"ЕРСАЙ" - "ЕРС Холдингз" (Қазақстан) және Сайпем С.п.А. (Италия) компанияларының арасында 50/50 қағидасы бойынша құрылған Қазақстандық Компания.
Компания Тапсырыскерлерге құрлықтағы және теңіздегі құрылыс, инжиниринг, металл құрылмалар өндірісі үшін жоғары сапалы қызметтер көрсетуді, сондай-ақ логистикалық қызметтер көрсетуді ұсынып, өзін Каспий теңізі секторының мұнай-газ өнеркәсібіндегі көшбасшы мердігерлердің бірі ретінде көрсетті.
Қазіргі кезде ЕРСАЙ "Қашаған" кен орнында қадалар мен алауларды жасауға, құбыр эстакадаларының құрылысын салуға, модульдерді жағалауда құрастырып, іске қосуға және пайдалануға енгізуге қатысады. Компания Ақтау қаласының оңтүстік-батыс бөлігінен 70 км жерде, Құрық кентіндегі 220 га жерде орналасқан Құрылыс верфін салып жатыр.
Верфьтің жыл сайынғы өнімділігі - 35.000-40.000 тоннадан астам металл құрылма. Арқандап байлауға арналған палдың және жүк түсіру құрылыстарының жалпы ұзындығы шамамен 750 метрге жетеді, олар жасанды айлақпен толық қорғалған. Қазіргі сәтте компанияда 2000-нан астам қызметкер жұмыс істейді.
"Аяла" Қайырымдылық қоры
"Аяла" Қайырымдылық қоры біздің қормен үнемі бірнеше шаралар жүзінде істестік танытып отырады. Былтырғы жылы осы Қорлар біріге отырып, жетім және мүгедек балаларға арнап 1 Маусым Балаларды қорғау күнінде, сонымен қатар Жаңа жыл кештерінде мейрам ұйымдастырған болатын. Оған қоса, "Аяла" Қоры "Дара" Қорының Қайырымдылық қорларының қауымдастығын құру туралы бастамасына қолдау көрсетті.
"Аяла" Қоры 2007 жылдың наурызында жеке қордың коммерциялық емес ұйымы ретінде құрылған. Қазақстан Республикасында қайырымдылық көрсету дәстүрі мен мәдениетін қалыптастыру осы Қордың қызметінің басты мақсаты болып табылады. Қазіргі таңда Қор мектепке дейінгі мекемелерге, мектептерге, балалар үйіне және емханаларына көмек көрсетеді.
Алматы Халықаралық Мектебі
Бұл мектеп "Мереке" жобасына қатыса отырып, "Балбұлақ" Балаларға арналған Республикалық Сауықтыру Орталығындағы балалар үшін түрлі саяхаттар ұйымдастыруға атсалысады. Мектеп әр ай сайын жобаны автобустар, олардың жүргізушілері және жанармаймен риясыз қамтамасыз етіп отырады.
Алматы Халықаралық Мектебі (АХМ) балаларға мектепке дейінгі білім беретін және оқушыларды одан әрі 3 жастан 17 жасқа дейін оқытумен айналысатын коммерциялық емес мекеме болып табылады, сонымен қатар мектеп өзінің оқушыларын университетке түсуге дайындайды. АХМ 1993 жылы Алматыда уақытша тұрып жатқан экспатрианттардың балаларына сапалы білім беру мақсатымен құрылған. АХМ-нің білім беру мекемесі ретіндегі қызметі АҚШ Орта Штаттарының (MSA) Колледждері мен Мектептері Қауымдастығынан алынған аккредитацияға негізделген. АХМ сапалы білім берудің негізі әр оқушымен жеке тіл табысуда, сонымен қатар олардың оқыту үрдісін жағымды және оптимисті тұрғыда қабылдауы үшін қолайлы орта қалыптастыруда деп сенеді. Осы орайда мектептегі сабақтар әр баланың жеке басының қасиеттерін ескере отырып құрылған. Ал жоғарғы сынып оқушыларына арналған аса мол оқу-дайындалу материалдарынан құрылған бағдарлама американдық дайындалу бағдарламасына негізделген және болашақ абитуриенттерге бағытталған. Мектеп оқушыларының 100 % дерлік колледждер мен университеттерге түсіп, қазіргі таңда Америка және Ұлыбритания елдерінің жоғарғы оқу орындарында дәріс алуда.
Алматы циркі
Алматы Циркінің әртістері "Мереке" жобасына қатыса отырып, "Балбұлақ" Балаларға арналған Республикалық Сауықтыру Орталығындағы, Онкология және Радиология институтындағы балалар үшін, сонымен қатар ҒЗИ Балалар Хирургиясы Педиатриясының онко-гематологиялық бөліміндегі балаларға арнап мерекелер өткізуге көптен-көп үлестерін қосады.
Басқа да шығармашылық ұжымдар секілді Қазақ Циркі де айтулы күндерге бай. Оның біріншісі 1970 жылдың 24 шілдесі болып табылады. Дәл осы күні Еділ өзенінің қос жағалауына кеңінен қанат жайған Саратов қаласында Қазақ циркінің ұжымы алғаш ойындарын көрсетті. Бұл күн Қазақ циркінің - өзінің шеберлігімен және іскерлігімен танылған және өз ісіне бүтіндей берілген, жылдар өткен сайын өнерге деген сүйіспеншіліктері мен ынталары бәсеңдемеген қазақтың алғашқы кәсіби цирк әртістерінің туған күні Қазақстанда өнердің жаңа түрін қалыптастыруға негіз болды.
Цирк үшін ерекше мәні бар күндердің тағы бірі - 1972 жылдың 10 маусымы. Бұл күні Қазақ циркінің әртістері алғаш рет қазақстандық көрермендер алдында өздерінің тұрақты цирк алаңында өнер көрсеткен болатын. Осы цирк алаңы әртістердің екінші баспанасына айналды. Бұл жерде өздерінің ісіне аса сүйіспеншілікпен қарайтын өнер майталмандары озып бара жатқан өмір ағымындағы үлкенді-кішілі тұрмыстық, жеке басының мәселелерінен арашаланып өнерге толық берілетін еді.
Дьюи энд ЛеБоФ ЛЛП
Дьюи энд ЛеБоФ ЛЛП" - "Дара" Қорына "Дәнекер" жобасы бойынша атсалысады. Бұл фирма заңнамаға жетім балаларды асырап алуға мол мүмкіндіктер беретін өзгертулер енгізу бойынша тегін заңгерлік көмек көрсетеді. Оған қоса, Дьюи энд ЛеБоф ЛЛП "Дәнекер" жобасының пайдасына қаражат жинауға қатысты шараларға қатысып отырады.
"Дьюи энд ЛеБоФ ЛЛП" (бұдан әрі - "Фирма") әлемдегі ең ірі халықаралық заңгерлік фирмалардың бірінен саналады. Фирманың басты кеңсесі Нью-Йорк қаласында орналасқан. Оның құрамында әлемнің 12 елінде қызмет көрсететін 1400-ден аса заңгер бар. Фирма жақында екі аса ірі американдық кәсіпорындардың сәтті бірлесуінен пайда болған: Дьюи Балантайн мен Лебоф Лам Грин энд МакРей.