|
Еңбекақы демеушілігі бағдарламасы"Дара" Қоры кез келген демеушілік көмекті қуанышпен қабыл алады, сондықтан ұйымдар мен компанияларға қоса жеке тұлғаларды да ынтымақтастыққа шақырады.
Жеке тұлғалар еңбекақымен қаржылық донорлық бағдарламасына қатыса алады. Осындай жолмен демеу көрсету бағдарламалары көптеген елде бар. Олардың ішіндегі ең табысты және ірі бағдарламалар ‑ АҚШ‑тағы CFC (Combined Federal Compaign) және SECA (State Employee Charitable Appeal). Демеушіліктің басқа түрлерінен олардың айырмашылығы мынада: қызметкер өзінің еңбек ақысынан аударымды еңбекақы төлеу көзі арқылы, яғни тікелей өзінің жұмыс орнында жасайды. Осындай тәжірибе демеушіге жеке қайырмалық жасауымен байланысты филантроптық демеушілігінің логистикалық жағын айтарлытай оңайлатады. Демеушіліктің бұл түрі ай сайынғы негізде еңбекақының белгілі бір пайызы түрінде жәрдем көрсетуге мүмкіндік береді. Мысалы, аударымдар еңбекақының 0,5%-1% мөлшерінде болуы мүмкін. Сондай‑ақ табыстың пайызына байланыстырмай, белгілі бір соманы (мысалы, 300 теңгені) белгілеуге болады. Қызметкерлер еңбекақысынан бөлінетін пайызды немесе соманы ғана белгілейді, ал демеушілікті ресімдеу жөніндегі барлық жұмысты Қордың жұмыскерлері жүргізеді. Еңбекақыдан демеушілік жасау шеңберінде көрсетілген көмек Қордың әлеуметтік жобаларын дамытуға бағытталады. Телефон: +7(727) 267-17-18 Факс: +7(727) 272-71-30 E-mail:info@dara.kz |
Жаңалықтар мен оқиғалар
![]()
|
![]()
|
|||
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
© “Dara Foundation”, 2008-2009 Neolabs Web Solution студиясы әзірлеген. |