Волонтерлар
"Дара" Қайырымдылық Қоры өзінің жұмысына үнемі волонтерларды тартып қатыстырады. Мысалы, Қордың кең ауқымды акцияларына (айталық, 1 Маусымды, Жаңа жыл мерекесін тойлауға) Алматы жоғары оқу орындарының студенттері белсене қатысады, бұлар: КИМЕП (бұл ЖОО студенттерінің жұмысын соңғы курста оқитын Динара Мұсабалина үйлестіреді), Тұран Университетінің (бұл мекеме волонтерларының жұмысын соңғы курстың студенті Филонов Михаил үйлестіреді). Қамқорлыққа алынған ұйымдармен жұмысқа әр түрлі мамандық иелері қатысады. Мәселен, "Дәнекер" жобасы шеңберінде Вовнова Елена ("PrimeMedia" жарнама агенттігінің BTL бөлімшесінің Директоры), Пермяков Павел (Актер, "Артишок" театрының Техникалық Директоры), Винникова Елена ("Men's HealthҚазақстан" журналының фоторедакторы), Стальмашевский Станислав ("За рулем Казахстан" журналының фотосуретшісі) деген волонтерлар арт-терапия сабақтарын өткізеді. Сондай‑ақ біздің жобаларға мейрамханаларды қатыстыру жөніндегі бүкіл үйлестіру жұмысын Люба Пак жүргізеді. "Дәнекер" жобасынің желісімен жетім балалармен сәулет өнеріне арналған сабақтарды сәулет маманы Берік өткізеді. "Мереке" жобасының барлық мейрамдарын Қазақ Мемлекеттік Циркінің циркачтары өткізеді.
Біздің жобаларымыздың жұмысына көмек көрсеткісі келетін барлық адамдарды Қорға хабарласуға шақырамыз. Біздің Қорда сіздерге өзіміз қамқорлыққа алған ұйымдарға қандай пайда тигізе алатыныңыз туралы айтып береді.